ҚАЗАҚСТАНДА АСТЫҚ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Жаңалықтар
25.10.2018, 15:48

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда астық бағасы артқан, – деп хабарлайды Хабар 24- ақпараттық агенттігі.

Қазір сапалы астықтың 1 тоннасы 45 мың теңге көлемінде сатылып жатыр. Былтыр 38 мың теңге болды. Жалпы биыл елімізде 21 млн тоннадан аса егін орылды.

Еске салайық, еліміздегі егістік алқабының 98,7 % игерілді. Бұл 14 млн 861,7 мың гектар аумақты құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 14,6 центнерді құраған. Әсіресе Солтүстік Қазақстан облысы гектарына 18 центнер өнім алып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл тізімде Ақмола, Қостанай облыстары бар.

Сұхбат

PhotoRoom