ВЕТЕРИНАРЛАР 5 МИЛЛИОНДАЙ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

Жамбыл облысы
29.10.2018, 20:00

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Оспан Ағабекұлы облыстың қазіргі эпизоотиялық жағдайы және ветеринариялық заңнама талаптарын бұзған азаматтарға жалпы көлемі 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынғаны туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ветеринариялық іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат О.Бердияровтың айтуынша, 2018 жылы эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге қажетті барлық ветеринариялық препараттар Алматы қаласындағы франко қоймасынан алынып, арнайы рефрежераторлармен аудандардағы уақытша сақтау орындарына жеткізілген. 2018 жылғы эпизоотиялық іс-шаралар 9 айлық жоспарға сай орындалды. Ағымдағы жылдың 10 айлық жоспары өз кезеңімен орындалуда.

«Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралардың барысында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жануарлардың созылмалы бруцеллез ауруына шалдығуы жылдан жылға төмендеуде. Аталған аурудың жануарлар арасында азаюы адамдар арасында да бұл аурудың төмендеуіне оң әсерін тигізген. Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды зерделеу барысында облыс тұрғындары арасында бруцеллезге шалдығу жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 адамға кемігені анықталды. 2017 жылы 178 адам осы ауруға шалдыққаны тіркелген болатын», - деді басқарма басшысы.

Облыс көлемінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Осы мақсатта облыста 14 стационарлық, 4 жылжымалы ветеринариялық-санитариялық зертхана жұмыс атқаруда.

«Өңірде 11 ішкі сауда нысаны және 8 мал базары жұмыс істеуде. Ішкі сауда нысанында ағымдағы жылдың 9 айында 1,53 млн кг сиыр еті, 682 мың кг жылқы еті, 542 мың кг қой еті, 268 849 литр сүт өнімдері және тағы басқа өнімдер сатылған. Сондай-ақ, мал базарларда 9 айда 33 808 бас мүйізді ірі қара, 17 795 бас жылқы, 90 419 бас қой-ешкі малы сатылды», - деді Бердияров.

Белгілі болғандай, облыс бойынша 3 ет өңдеу кәсіпорыны, 1 құс өңдеу кәсіпорыны, 10 мал сою орны, 48 мал сою алаңдары жұмыс істейді.

«Облыс бойынша ветеринариялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін 2018 жылдың 9 айында 136 жеке тұлғаға 3 920 150 теңге, 13 жеке кәсіпкерге 781 625 теңге және 1 заңды тұлғаға 60 125 теңге айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 4 761 900 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта өндірілгені 4 064 450 теңге, яғни негізгі соманың 85,4%. Сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау үшін 1131 нұсқама берілді», - деді мемлекеттік ведомство.

Сұхбат

PhotoRoom