ЖОЛАУШЫЛАР ЕНДІ ҚОРДАЙ АСУЫН АЙНАЛЫП ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Жаңалықтар
02.11.2018, 00:03

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Жамбыл облысына тиесілі бөлігінің құрылысы аяқталды. Енді Шымкент пен Тараздан шыққан көлік Қордай елді-мекеніне бұрылмай, Қордай асуын айналып Алматыға, одан әрі Қытайға тікесінен тартатын болды. Жол құрылысын BI Group – «Қазақавтожол» холдингі күн райының өзгеруіне қарамастан уақытысында аяқтады. «Алматы-Қордай-Благовещенка-Мерке-Ташкент-Термез» трассасына жататын 40 шақырымға жуық бөлігін автобус пен жүк көліктерінің жүргізушілері ұзақ уақыт күтті.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың қатысуымен «Қордай асуын айналып өту» учаскесінің 162-260 шақырым аралығындағы жалпы ұзақтығы 80 шақырымды құрайтын жаңа жолдың екінші жағы салтанатты түрде ашылды.

Шара барысында аудан әкімінің бірінші орынбасары қатысып отырған құрметті қонақтар мен аудан тұрғындарын құттықтап, қайта құру жобасына атсалысқандарға алғысын білдірді. Іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Жаңа бағыттағы Қордай асуының айналма жолы Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағымен барлық елді мекендерді айналып өтеді. Бүгінгі күнге дейін пайдаланылып келген автомобиль жолы Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қордай, Алға елді мекендері арқылы өтіп, жалпы ұзақтығы 100 шақырымды құрайтын болса, жаңадан  І-б санатында салынған Қордай асуын айналып өту жолы  20 шақырымға қысқартылып, қазір 80 шақырым болды және елді мекендердің үстінен басып өтпейді. Осылайша, жол жүру уақытын қысқартып отыр.

Сондай-ақ, Қордай асуының ұзақтығы 17 шақырымға (60%) қысқарды. Қолданыстағы асудың ұзақтығы 27 шақырым болса, жаңа І-техникалық санаттағы жолдағы асудың ұзақтығы 10 шақырым.

Бұдан басқа, биыл «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізіне Қордай өткелінің айналмалы учаскесінің жалғасы болып табылатын «Отар-Ұзынағаш» жобасын іске асыру басталды. Жоба 2018-2021 жылдары іске асырылады. Жоба құрылысының ІІ кезеңін «Қазақжолқұрылысы» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. І - кезекте 40 шақырым 2015-2017 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген 8,527 млрд. теңгеге салынды. Тапсырыс беруші «Жамбылжолзертханасы» РММ.

ІІ - кезектегі 40 шақырым 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 9,240 млрд. тенгеге салынды. Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ЖОФ.

Жобаға 400-ден астам жұмысшы және 200 жол-құрылыс техникалары жұмылдырылды.

Жобада 2 шағын ЖПБ, 1 Жол-патруль қызмет бекеті., 1 ауылшаруашылық техника өткелі қарастырылған.

Тегтер:
Қордай асуы.

Сұхбат

PhotoRoom