ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Жамбыл облысы
18.11.2018, 17:11

Жуалы тұрғындары заң талаптарын қаншалықты орындап жүр? Қарашаның 9 мен 11 аралығында аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өткізілген Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің рейдтік іс шарасы –  Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сөз болатын тәртіп пен заңдылық мәселесін жүзеге асырудың бір парасы деуге болады. «Заң бар жерде тәртіп те бар, тәртіпке бағынған құл болмас», – демекші, алға басудың, ілгерілеудің, дамудың алғышарты тәртіп екенін әсте естен шығармаған жөн. Осы орайда, қоғамдағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуын бақылайтын тәртіп сақшыларының еңбегі ерен.

Сонымен 3 күннің қорытындысы бойынша 224 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға хаттамалар толтырылды. Оның ішінде, қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша – 83, жол қауіпсіздігі бағыты бойынша – 141 жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал арнайы айыптұраққа 10 автокөлік қойылды. Сондай-ақ, профилактикалық есепте тұрғандардың тарапынан қайталап қылмыс жасау деректерін болдырмау мақсатында, тұрғылықты мекенжайлары бойынша 95 тұлға тексеріліп, олармен профилактикалық бағыттағы әңгімелер жүргізілді. Аудандық полиция бөліміне және учаскелік полиция пункттеріне 59 адам жеткізіліп, барлығының саусақ іздері алынды, 21 адам бейнелік есепке қойылды. Аудан аумағында деструктивті діни ағымды ұстанатын 5 азаматқа қатысты мекенжайлары бойынша тексерулер жүргізілді. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында, құжатсыз тасымалдаған 3 жүк көлігі, 1 жеңіл автокөлік және 29 ірі қара малы жеткізілді. Сонымен қатар, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиевтің 5 қараша күні Жуалы ауданы тұрғындарымен өткізген кездесуінде халық көп жүретін базар маңына «Жасанды бұдырлық» (лежачий полицейский) орнату туралы тұрғындар тарапынан өтініш айтылған болатын. Жергілікті тұрғындардың өтініштері ескеріліп, көп ұзамай 8 қараша күні Б.Момышұлы ауылының Б.Үсенов көшесіне 2 жерден «Жасанды бұдырлық» орнатылды. Сондай-ақ, «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» туралы 2 белгі және «Жасанды бұдырлық» деген 2 жол белгілері аталмыш көшенің бойына қойылды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар ПД бастығының қатаң бақылауымен алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom