ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы
15.11.2018, 18:24

Түркістан облысында жылына 2 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салынады. Жалпы құны 95 млрд теңге болатын инвестициялық жоба аясында мыңға тарта жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Turkistan Invest» инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа зауыттың құрылысы Ордабасы ауданында жүргізілмек. Оны салуға қазақстандық «Standard Petroleum & Co LLP» компаниясы қаражат жұмсайды. Бүгінгі күні 250 гектар аумақта орналастыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулар қойылып жатыр. Сондай-ақ, электр желілері тартылып, жол салынуда. «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «Turkistan Invest» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жоба 2021 жылы іске қосылады деп күтілуде. Дайын өнім ел аумағында сатылып, қосымша ТМД елдеріне экспортталатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom