А.МЫРЗАХМЕТОВ: «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ

Аймақ
08.11.2018, 19:05

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында брифинг өткізген Асқар Мырзахметов «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылы облыста жоспарланған 1,2 млрд. теңге кемінде 2 есеге ұлғайтылатынын  атап өтті. Шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1 млрд. теңге бөлініп, бұл бағыттағы жобаларды қаржыландыру сомасы 6,3 млрд. теңгеге жеткенін, келесі жылы бұл қаржының көлемін 7,5 - 8,0 млрд. теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырғанын баяндады.

Облыстағы тағы бір ерекше қолға алынып отырған шара - бюджеттік қызметкерлер жалақысының өсірілуіне жәрдемдесу. «Келер жылдан бастап бюджеттен жалақы алатын 23 мыңнан асқан қызметкер үшін төменгі жалақысы өскелі отыр. Сол себепті жеке кәсіпорындардағы төмен жалақы алатын адамдардың жалақысын көтеруге қатысты біз арнайы топтарды құрып, бүгінгі таңда кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Облыста 95-ке жуық кәсіпорын бар, соның ішінде 13-і ірі кәсіпорын. Бүгінгі таңда осы келіссөздің алғашқы нәтижесінде келер жылы 9 мың қызметкердің еңбекақысын көтергелі отыр. Бұл жерде айта кетсек, оны көтерген кезде төменгі жалақы 42 мың теңгеге дейін емес, одан да артатын болады», — деді облыс әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom