ҚОРДАЙДА ШАҒЫН САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Жаңалықтар
23.11.2018, 00:26

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде көптеген іргелі істер атқарылуда. Осы ретте өңірде әскерилер де елімізге  игі болар  істерді  қолға алуда. Соның бірі Қордайда 2038 әскери бөлімінің қалашығында «Рухани жаңғыру» скверінің  ашылуы соған дәлел. Салтанатты шараға жиналған қауымды алдымен бөлім командирі, подполковник Ғазиз Адилбеков құттықтады. Ертеңгі күнге естелік ретінде, әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары мен салтанатты шараға келген қонақтардың есімдері ескерткіш тақтаға  ойылып жазылды. Осыдан кейін мемориалдық тақтаның пердесін бөлім командирі мен аудандық сот төрағасы ашып, бөлім қалашығы маңына елу шырша ағаштары отырғызылды. Әскерилер мен  қонақтар өз есімдері жазылған ағашты отырғызып, естелікке суретке түсті. Клубқа қарама-қарсы орналасқан сквер келер жылы-ақ көркіне көз тоймайтын орынға айналады деп жоспарлануда.

Салтанаты шара барысында аудандық Мәдениет үйі өнерпаздары өздерінің шағын концертік бағдарламасын қойды.

Сұхбат

PhotoRoom