МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫНА ҮН ҚОСТЫ

Жаңалықтар
22.11.2018, 23:10

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында кездесу өткізді. Аталмыш шараға «Jambyl» телеарнасының басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ж.Әбдіманап, тарихшы, археолог Қалиев С. және облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты. Кездесудің модераторы болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департамент басшысының орынбасары Н. Еркебаев жиынды аша отыра, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылап, мемлекеттік қызметшілер мен халықтың арасында еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау екендігін атап өтті. Н. Еркебаев өз сөзінде:

-«Елбасының жаңадан жарияланған мақаласын талқылау үшін зиялы қауым өкілдері жиналды. Бұл маңызды құжат бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Айта кетсек, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Онда Елбасы қазақта киелі саналатын жеті қазынаның жеті қырын тәптіштеп айтып, мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе, текті жануар жылқыға кеңірек тоқталыпты. Сондай-ақ, қазақтың тылсым табиғаты назардан тыс қалмады. Осылайша жаһандық тарихтағы өз рөлімізді дұрыс пайымдауға шақырамын», - деді.

Талқылау барысында қатысушылар арасында диалог құрылып, мемлекеттік қызметшілер тарихи оқиғаларға қатысты өз ойларын білдірді.

Олар қоғамдық сананы жаңғырту жолдарын белсенді қолдап, «Архив-2025», «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» және өзге де жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

-«Президент архив мәселесіне көңіл аударыпты. «Архив-2025» деген мәселе қойған екен. Ондағы Президенттің ойы – біз әлі де болса, архивімізде сақтаулы отан тарихына байланысты беттерді ашуымыз керек. Халыққа жеткізуіміз керек. Мен өз басым оны қатты қолдаймын. Біздің архивімізде әлі де болса ашылмаған парақтар, беттер жатыр. Ұлттың қасіретті тарихы жатыр»,- деп атап өтті Ж. Әбдіманап.

Жиында ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер мақаланың мәнін ашып, жан-жақты түсіндірді. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді билікпен бірге орындауға да ниетті екендерін айтып тарасты.

«Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі», – деп Елбасымыз өз мақаласында жазып өткен. Осы бір сүйіспеншілік пен терең мағынаға ие дана сөздермен әрбір мемлекеттік қызметшінің толықтай келісетіні рас.

Сұхбат

PhotoRoom