ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЦИФРЛЫҚ ХАБАР ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ТОЛЫҚТАЙ КӨШТІ

Жаңалықтар
26.11.2018, 16:40

Бүгіннен бастап Жамбыл облысында аналогтық антена арқылы телеарналар тарату тоқтатылып, аймақ толығымен цифрлық телевизияға көшті. Осыған орай облыстық Радиотелевизиялық станциясында аталмыш жүйені іске қосу рәсімі өтті. Жиынға облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли және «Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы жөндеу және алдын алу қызметінің» басшысы Қадір Қосақбаев қатысты.

Қ. Қосақбаевтың айтуынша, аталмыш жүйеге көшуге аймақта 2 жыл көлемінде дайындық жүргізілген.

– Тараз қаласында аналогтық жүйе арқылы 10 арна көрсетілетін еді. Цифрлық телевизияға көшу арқылы бір анралардың сапасын және санын да арттырамыз. Бұдан бұлай қалада 26 арна таратылады. Оларды тамашалау үшін арнайы қабылдағыш құрылғы алу қажет. Оның бағасы қымбат емес, қол жетімді.

 

Ал, аталмыш құрылғыны алып үлгермегендер не болмаса қосылудың жолдарын түсінбегендер үшін 1 қаңтарға дейін «Хабар» арнасы аналогтық жүйеде көрсетіледі. Онда цифрлық телевизияға жауапты қазметтің байланыс телефондары көрсетілген жарнама таратылмақ. Сұрақтары туындаған азаматтар соған хабарласса болады, – дейді Қадір Мейірханұлы.

 

Елбасы Н. Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мақсатын айта келе: Елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиіс. Ал, ол үшін ең алдымен тағы сол IT саласына басымдық беріледі. «...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде» деп мәлімдеген болатын.

Міне, осы міндеттемелерді орындау мақсатында қазір, жалпы облыста цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу аясында 44 цифрлық таратқыштарды қосу арқылы 43 радиотелевизиялык станциялар салынып, жаңғыртылған. Бұл 377 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді, яғни облыс халқының 99 пайызы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген.

Сұхбат

PhotoRoom