«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ»

Жамбыл облысы
19.11.2018, 00:22

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19-30 қараша аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік өтеді.

Мақсаты - білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.

Осыған орай облыста «Бала-құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндігі басталды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте айтылды.

Облыста атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтеу - құқықтық сауаттылығымызды арттыру деген сөз.

Онкүндіктің барысында барлық аудандар мен Тараз қаласында Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда балалар – қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасышылары, олар балаларға арналған жобалар, форумдар және іс-шаралар арқылы өз пікірлерін сүйіспеншілікпен және олардың қатысуымен жүзеге асыратын болады.

Онкүндіктің шеңберінде «Абайла, терезе!», «Судағы қауіпсіздік», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Балалардың құқықтары» атты әлеуметтік бейнероликтер (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсетілетін болады.

Қазақстандық балалардың сапалы білім, медициналық қызметті алуына, қоғамдық өмірге араласуына, қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарын пайдалануына мүмкіндіктері бар.

Сұхбат

PhotoRoom