САЯТШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жаңалықтар
26.11.2018, 14:35

Елімізде соңғы бірнеше жылдан бері ұлттық спорт түрлері айтарлықтай дамып келеді. Ұлттық спорт түрлерінің федерациясы құрылып, республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Солардың бірі – саятшылар арасындағы бәсеке.

Бүркітшілердің жарысы елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл жолғы оныншы республикалық чемпионат 22-25 қараша аралығында Тараз қаласынан 20 км қашықтықтағы Жамбыл ауданына қарасты, Бектөбе ауылының атшабарында 14 бүркіт, 5 қаршыға баптай келген жиырмаға жуық саятшы өзара бақ сынасты. Жас саятшылар еліміздің 10 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «аң стилі өнері» айтылған болатын.  Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған – делінген. Ұлттық спорт түрінен өткен құсбегілердің сайысы осының бір дәлелі.

Қазақ халқының қанына сіңген бұл дәстүр – ел тәуелсіздігімен бірге түлеген ұлттық мұраларымыздың бірі. Сондықтан да, шараның басты мақсаты– ұлттық саятшылық өнерді одан әрі дамыту, жастар арасында ұлттық спортымызды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Жарыстың қорытындысы бойынша, бүркіт  баптағандар арасынан I орын Атырау облысынан келген Самат Абдулкәрімұлы, II орын Түркістан облысынан Сейдулла Паң, III орын Жамбылдық  Қалысбек Барықтабасовқа бұйырды. Ал қаршыға баулығандар тобынан I орын Жамбыл облысынан Берікболсын Жалғасұлына иеленсе, II орынды Алматылық Бекасыл Сейтжан, III орынды Түркістан облысынан келген Зәки Махмұтхан қанжығасына байлады. Итерлгі жарыстыру бойынша I орынды Түркістан облысынан Сағи Махмұтхан, II орынды Жамбыл облысынан Нұрбек Шәкір, III орынды Байрақ Тастанбек қанағат тұтты.

Қазақстанда жыл санап бүркітшілікке баулитын жаңа орталықтар мен мектептер саны артып келеді. Болашақта қазақтың аталмыш спортқа Қазақстандағы ең ежелгі аңшылықтың бұл түріне халықаралық мәртебе беру жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Жамбыл облысында бүркітпен аң аулау тарихы 13-14 ғасырлардан бастау алған. Оған 2012 жылғы археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттай деректер дәлел бола алады. Қазба барысында Тараз қаласынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Жетітөбе қорғанынан көмілген адамның сүйектері мен жыртқыш аңшы құстың қалдықтары табылған.

Сұхбат

PhotoRoom