ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысы
26.11.2018, 16:11

Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүреді, көбінесе өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды. Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр», деп құқық қорғау органдарының жұмысы басты назарда екенін айтып өтті.

Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жол көлік ережелерінің талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында семинар өткізілді.

Айтулы шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев шақырылды.

Әшкеевтің айтуынша, апатардың негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тарапынан жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу, қауіпсіздік талаптарын саналы түрде орындамау болып табылады.

Сонымен қатар, семинарға Департаменттің аппарат қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы және Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында, полиция полковнигі қатысушыларға «Қазақстан Республикасы жол көлік ережелері» заңнамасының талаптарын жеткізіп, тереңдетілген түсінік берді. Қонақтың және департамент қызметкерлері арасында қозғалған тақырып бойынша диалог өтті, онда қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.

Сондай-ақ, қысқы мерзімде облыс аумағында өрт және улы газбен улану оқиғалары туралы және көлік коммуникациясы объектілерінің пайдалануға дайындығы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралары жөнінде айтылды.

Жиын соңында, ТЖД Өрт сөндіру қызметі ұйымдар мен мекеме басшылырына алдағы қысқы мерзімде әрдайым халықпен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуі керектігін айтты.

Дегенмен, көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендер көбеюде. Жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. 

    

 

Сұхбат

PhotoRoom