ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ

Жаңалықтар
06.12.2018, 16:47

«Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани жаңғыруды - «тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деп атап көрсетті. Дін де, дәстүр де қоғам да тыныштық пен татулықтың, бірлік-ынтымақ пен сыйластықтың салтанат құруына қызмет етеді.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде Меркі және Мойынқұм аудандарындағы жалпы діни ахуал туралы айтылды.

Дінімізді дұрыс түсіндіру, оның құндылықтарын әрбір қоғам мүшесіне жеткізе білу күн тақырыбынан түспейтін  маңызды мәселе. Теріс әдеттермен күрес тек заң, құқық қорғау органдарының ғана қызметі емес, барша қоғамның маңызды шаруасы болып табылады. Діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің бір бағыты – діни ахуалды зерделеу және талдау екендігі белгілі. Сондықтан да, осы қалыптасқан ахуалды шешудің дұрыс тетіктерін облыс бойынша  қамтамасыз ету басты назарда. Осыған орай, облыстық дін басқармасы дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру сынды жұмыстарын жүргізуде.

Жиында Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат Қасым, аудандағы діни бірлестіктердің жыл бойғы атқарған жұмыстары және елдің қазіргі ахуалы жөнінде сөз қозғады:

- «Жалпы діни ахуал ауданда тұрақты. Біздің ішкі саясат бөлімі мен ішкі істер бөлімі бірлесе отырып арнайы құқық органдарымен жұмыс жүргізу нәтижесінде ешқандай проблема жоқ».

Бекболат Орынбеков, жиында Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасарының жауабына көңілі толмайтынын айтып, бүгінгі таңда діни істер бойынша басқарма мен Мойынқұмдағы әкімдікте меморандумға сәйкес қанша мақсатты индикаторлар барын, қандай межеге бүгінгі таңда жетіп отырғанын және ол жоспарда ма, жоспарда емес пе, осы сұрақтар төңірегінде проблемалар болса ұсыныс бар-жоғын айту керектігін сұрады.

Отырысқа қатысушылар ғаламтор кеңістігінде діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерін біріктіру маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңын қортындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары, аудандардағы дін төңірегіндегі жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру шараларын күшейтуді тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom