ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНІМІ АРТТЫ

Жамбыл облысы
06.12.2018, 00:23

Жамбыл облысы ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті химия және азық-түлік өнеркәсібін дамытудың дамыған әлеуеті бар өнеркәсіптік-аграрлық аймақ болып табылады.

Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін тапсырамын» деген болатын.

Биылғы жылғы қаңтар-қазанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қоса алғанда) қолданыстағы бағалармен 319505,4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді.

Заттай көрсеткіштер динамикасы бойынша есептелген өнеркәсіптік өндіріс индексі 2018 жылғы қыркүйекте 105,8%-ды, 2017 жылғы қазанда 85,2%-ды, 2017 жылғы қаңтар-қазанға 103,1%-ды құрады.

Өндіріс көлемі облыстың тоғыз ауданында және Тараз қаласында өсті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі Тараз қаласында – 102,9% және облыстың 9 ауданында: Талас (9,1%-ға), Шу (8,9%-ға), Жуалы (8,4%-ға), Мойынқұм (7,8%-ға), Қордай (6,7%-ға), Байзақ (3,4%-ға), Т.Рысқұлов ауданында (3,2%-ға), Сарысу (0,4%-ға) және Жамбыл ауданында (0,1%-ға) өскені тіркелді.

Сондай-ақ, 2018 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны 28,9 мың басқа (8,1%-ға), жылқы 8,8 мың басқа (8%-ға), қой мен ешкі 110,3 мың басқа (3,9%-ға), түйе 294 басқа (4,6%-ға) көбейген.

Сонымен бірге, мал басы есебінің өсуіне септігін тигізген халық және фермер шаруашылығы болып отыр. Мүйізді ірі қара мал санының жоғары өсімі Меркі ауданында байқалды, яғни – 24%-ға, Қордайда – 11,1%-ға; ал жылқы саны Меркі ауданында – 12,9%-ға, Мойынқұмда – 11%-ға; қой мен ешкі Жуалы ауданында – 9%-ға, Меркіде – 8,2%-ға және түйе Меркі ауданында – 8,8%-ға, Байзақта – 6,3%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2018 жылғы қаңтар-қазанда 229395 млн. теңгені көрсетті. Оның ішінде, мал шаруашылығы – 92366,9 млн. теңге немесе 103,3%, өсімдік шаруашылығы – 136250,6 млн. теңге немесе 104,5%, қызметтер 777,4 млн. теңге немесе 100% болып қалыптасты.

Ет өндіру көлемі 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4%-ға артты.  Ет өнімін өндірудің ең жоғары көлеміне Байзақ (8,6%-ға өсті) және Меркі ауданының (7,4%-ға) шаруашылықтары қол жеткізді.

Өздеріңіз куә болғандай, биылғы жылы атқарылған жұмыстар аз емес. Алдағы жоспарлар мен мақсаттар да жетерлік.

Сұхбат

PhotoRoom