«ІІІ ШЕРХАН ОҚУЛАРЫ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жаңалықтар
07.12.2018, 16:44

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында оқушылар арасында облыстық дәстүрлі «ІІІ Шерхан оқулары» байқауы болып өтті.

Қазақ әдебиетінің классигі Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік шығармалары оқырман қауымының баға жетпес байлығы. Бүгінгі жас ұрпаққа Шераға шығармашылығын насихаттау, қазақ қара сөзінің қасиетін таныту - басты мақсат.

Жазушының «Қызыл жебе», «Интернат наны», «Мылтықсыз майдан» сияқты шығармалары шынайылығымен бөлек. Сонымен қатар, қаламгер туындыларының ұрпақ тәрбиесінде де алатын орыны ерекше.

Жазушы шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша облыстық кезеңге 97 оқушы қатысты. Байқау төрт бағыт бойынша топ жарды.

«Жұлдызы нұрлы суреткер» бағыты бойынша бірінші орынды Нұргерім Нұрлан жеңіп алса, екінші орынды Нұржан Асан, Венера Жамбыл, Айгерім Қуанышханова, ал, үшінші орынды Лаура Қиас иеленді.

Ал, «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша бірінші орынды Медет Батырхан, екінші орынды Камила Данагүл, Камила Алтынбек, Сембек Думан, үшінші орынды Әлішер Нарембай, Әлішер Текебаев, Аслан Нұржасар, Бегім Меңдібаев сынды жас талаптар олжалады.

Сонымен қатар, «Зау тұлға» кезеңінде Айгүлім Жайлыбек үздік атанса, екінші орын Айгерім Мүсілім, Аяулым Сәрсенова және Диана Көпекова, үшінші орын Тоғжан Азат, Саламат Осалы, Аяулым Аяжанова, Ғалымжан Тәкеновке бұйырды.

Соңғы бағыт «Шерхан Мұртаза мұрасы» кезеңінде Балым Бимұрат жазушы шығармаларын шынайы оқуымен ерекшеленіп, бірінші орынға ие болса, екінші орынға Жанель Нышанбай және Ұлдана Сұңғатова, үшінші орынға Нұрсұлтан Бегасылов, Аружан Жүнісбай, Ұлмекен Жадыралар жайғасты.

Айта кетейік, екінші кезеңге 14 оқушы жіберілген болатын. Берілген тест сұрақтары нәтижесінде ең үздік шыққан Т.Рысқұлов ауданынан келген Нұргерім Нұрлан аталған университет грантын жеңіп алса, Талас ауданынан келген Венера Жамбыл 50 пайыздық, ал Меркі ауданынан келген Балым Бимұрат 25 пайыз оқу төлемақысы жеңілдіктеріне ие болып, жеңімпаздар жеңілдіктердің сертификаттарымен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom