МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Жаңалықтар
06.12.2018, 20:14

Бүгін Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыс орталығындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қолжетімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі” өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу болып табылады.

Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер көрсететін саланың мамандары қатысып, өңір тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі және тиісті қызметтерді тиімді пайдалану жолдары туралы түсіндірілді.

Іс-шара барысында 300-ден астам қала тұрғынына түрлі қызметтер көрсетілді. Сондай – ақ, онлайн қызметтердің тиімділігі, «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыстары жүргізіліп жатқандығы баяндалды. Бүгінде бұл туралы халыққа кеңінен ақпараттар берілген.

Тұрғындардың басым бөлігі балаларды мектепке қабылдау мен баспана мәселесі бойынша «7-20-25» сауалдарымен жүгінді. Сондай-ақ, қызмет көрсететін органдармен азаматтарға тұрғын үй, жер, балабақша кезегіне қою, электрондық кілт алу, «Е-gov» электрондық порталына ұялы телефон нөмерлерін тіркеу және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетіліп, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тиісті кеңестер, жауаптар алды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрменкесі қазіргі уақытта дәстүрлі іс-шараның бірі болды. Өйткені, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың белең алуына септігін тигізетін тұрмыстық жемқорлық болса, бұл қызметтер көрсету саласына жүйелеу, автоматтандыру сынды жаңашылдық енгізілген. Осылай тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу жолдарының бірден бірі осы», - деп  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев өз ойымен бөлісті.

Жәрмеңкеде қала тұрғындарына үнпарақтар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі қаланың барлық аумағында жалғасын табатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom