«ТАЗА ҚОҒАМ» ДЕГЕНДІ КІМ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕДІ?

Жамбыл облысы
07.12.2018, 20:24

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғаса беретіндігін баса айтып өткен болатын. Осыған байланысты Тараздағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында форум өтті.

Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуының негізгі тежегіші.  Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мұрат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз, таза қоғам құру міндеті тұр.

Аталмыш шара 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылды. Мақсат- елімізде іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, заманауи қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемаға жастардың назарын аудару, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру болып табылады.

Жиында сөз алған ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаментінің басшысы:

-«Бүгінде агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселесінде бірнеше қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнатқан. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясымен, Қазақстан халықтарының ассамблеясымен, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, азаматтық сектормен тығыз байланысты орнату үшін Қазақстанның азаматтық альянсымен, жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын бірлесе қорғау бағытында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе нәтижелі жұмыстар жүргізуде», – дейді Мақсұт Нәлібаев.

Форум барысында қатысушыларға академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп,

Форумда бүгінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарау өткір мәселе болып тұрғандықтан, тиісті мемлекеттік органдар мен азаматтардың алдында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күресу міндеті тұрғанын қоғамның әр мүшесі түсіну керектігі айтылды. Сондай-ақ, форум қатысушыларын сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыз ахуалды қалыптастыруға, жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және оған қарсы күрес жұмыстарына өзіндік үлес қосуға шақырды.

Жиын соңында, бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген ең үздік облыстық байқау жарияланымдарының жеңімпаздары марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom