СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС БОЛУЫ ТИІС...

Жамбыл облысы
09.12.2018, 23:36

 

«9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні». «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стретегиялық құжаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев жемқорлықпен күрес мәселесін азаматтық, таза қоғам құрудың басты құралы екенін ұдайы айтып жүр.

Биылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында да: «...Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады. Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн.

«Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек...» деп мәлімдеді.

Жамбыл облысында да осы атаулы күнге орай, қоғамды аталмыш мәселеге назар аударту мақсатында 27 қараша мен 25 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 30 ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру белгіленген. Сонымен қатар, Тараз қалалық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — өркендеуші ел» атты форумы өткізілді.

Форум қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытындағы ақпараттар беріліп, жемқорлыққа қарсы бірігу ісін қолға алу айтылды.

Бұған қоса «Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай 5-желтоқсанда Тараз қаласындағы орталық “Достық” алаңынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Адал жол» марафон-эстафетасының аясында автошеру болып өтті. Шараны Тараз қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырған. Автошеруге 15 автокөлік қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Шу аудандық бөлімінің басшысы  Ержігіт Омбаевтың айтуынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да заң бұзушылықтарға жол бермеу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы», «Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу» сияқты көптеген тақырыптарда Жамбыл облысы Ішкі Істер Департаменті  Шу  АІІБ Көші-қоң қызмет бөлімінің қызметкерлерімен, «Нұр Отан  партиясы  филиалы» қызметкерлерінің  қатысумен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрады.  Бөлім басшысы, «Жұмыскерлер бөлімдегі  басқа жұмыскерлерінің тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесулері тиіс. Егер жұмыскер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы нақты ақпараттан хабардар болса, ол бұл туралы тез арада тікелей  бөлім басшысына  хабарлауы тиіс. Бөлімдегі әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың салдарынан туындайтын мәселені қаперден шығарған емес. Біздің басты міндет көрсетілетін қызметтердің сапасына, мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі мен қолайлығына тұтынушылардың қаңағаттану денгейін арттыру. Бұл саясат пен  Мемлекеттік корпорацияның 2018-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі деп айтсақ жаңылыспаймыз» - деді. Жалпы алғанда, кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс болған кезде ғана қоғам дертінен құтылары сөзсіз.

 

Сұхбат

PhotoRoom