Президент күніне орай "Нұр Отан" партиясы жаңа мүшелер қабылдап жатыр

Жаңалықтар
28.11.2014, 11:39

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында партияның барлық филиалдарында «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты қабылдау өтуде, деп хабарлайды саяси ұйымның баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдаудың республикамыздың барлық өңірлерінде өтіп жатқанын атай кеткіміз келеді. 1000-ға жуық қазақстандық партия қатарына қабылданады.

Бір жыл бойы барлық республика бойынша партиялық билеттерді жаңа үлгіге ауыстыру үдерісінің өткенін еске салғымыз келеді. Бүгінгі күні партиялық билеттерді ауыстыру кезеңі аяқталуға жақын.

Жаңа партбилеттер пластикалық карта іспеттес болып келеді, бет жағында партиялық билеттің нөмірі, партияға өткен мерзімі көрсетілген. Сырт жағында партиялық билеттің штрихталған коды мен барлық республика бойынша тегін қызмет көрсететін call-center-дің телефон нөмірі (2)597850 бар. Оның сыртында «Нұр Отанның» жаңа партиялық билеттері мәліметтердің бірыңғай электрондық базасына енгізілген, бұл мәліметтерді біріздендіруге, тұрғылықты мекенжайды ауыстырғанда көшірмесін жасатпай-ақ қоюға және жалпы алғанда тіркелу мен партия мүшелерімен өзара іс-қимыл мәселесін жеңілдетеді.

Бүгінгі күні «Нұр Отанның» Астана және Алматы филиалдарынан, 14 облыстық, 225 аймақтық өкілдерінен, 5600 бастауыш партия ұйымдарынан, 241 қоғамдық қабылдаулар мен «Жас Отан» жастар қанатынан тұратын тармақталаған жүйесі бар.

Айта кетсек, Алматыда «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы барысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мен әнші Медеу Арынбаев партия қатарына өтті.

Белгілі қазақстандықтармен қатар партия қатары ұстаздармен және дәрігерлермен толықты. Жаңа партия мүшелеріне билетті қалалық партия филиалының төрағасы Ахметжан Есімов табыс етті.

«Партияның ел игілігі үшін жұмыс жасап жатқаны баршаға белгілі. Мен әлемнің көптеген мемлекеттерінде болдым, бізден артық елді өз басым көрмедім. Шынымды айтсам, дәл біз сияқты отаншыл, әрі ынтымақшыл ел әлемде жоқ. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа көреген саясаты үшін шексіз разымын және «Нұрлы Жол» мен «Қазақстан 2050» стратегиясындағы мұраттарды жүзеге асыруда өзімнің пайдамды тигіземін деп үміттенемін», - деген пікіірімен бөлісті Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері  Денис Тен

Сұхбат

PhotoRoom