ЖАМБЫЛДА QAZALIPBI.KZ ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЛАТЫН ТІЛІН ҮЙРЕНЕ АЛАСЫЗ

Жаңалықтар
20.12.2018, 11:50

 

Облыста Qazalipbi.kz онлайн бағдарламасы арқылы латын әліпбиін үйренуге болады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің бірінші проректоры Асқар Абдуалы, филология және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Күлзинат Қарымбаеваның қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, аталған бағдарлама облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің жанынан құрылған “Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор” корпоративтік қоры ҚР Президентінің №637 Жарлығымен 2018 жылдың 19 ақпан айында бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жаңа заман талабына сай  интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жазуды меңгерту, оқылуда көзшалым мен қолдағдысын  Онлайн-курс яғни, qazalipbi.kz арқылы  үйрету мақсатында дайындалған. Android операциялық жүйесіне орнатылған қосымша көмегімен әліпбиді оңтайлы әдіспен меңгерту. Аталған бағдарлама барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мамандары мен жалпы көпшілікке арналған.

Жобаның ерекшелігі – жаңа қазақ тілі әліпбиін үйретудің онлайн бағдарламасы қолжетімді әрі ыңғайлы. «Жаңа қазақ тілі әліпбиін үйретудің онлайн курсы» барлығы: 18 сабақтан тұрады. Оның ішінде теориялық, практикалық, бағалау сабақтары қамтылған. Теориялық сабақта жаңа қазақ әліпбиі бойынша теориялық білім беріледі. Ал практикалық сабақта берілген теориялық білім негізінде жазылым, оқылым, тыңдалым әркеттері арқылы жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Бағалау сабағында тыңдаушының әр сабақта меңгерілген білімі тест, бақылау диктанты түрлерінде тексеріледі.

Конференцияға қатысушылар латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістіктеріне бағытталған стратегиялық маңызы зор үрдіс және ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе екендігін  атап көрсетті. Сондықтан да  Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен дайындалған  QAZALIPBI.KZ   онлайн бағдарламасы – бүгінгі күн талабынан туындап отырған,  қажеттілікті өтейтін, дер кезінде дайындалған таптырмас еңбек.

Сұхбат

PhotoRoom