2014 жылдың он айындағы ОҚО әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Аймақ
29.11.2014, 11:13

 

  • Жалпы өңірлік өнім 2014 жылдың 9 айында 1,6 трлн.тг., болжануда, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңінен 200 млрд.тг. артық.

Жыл басында межеленген индикаторларды орындау үшін іс-шара бекітілді. Онда республикаға байланысты 4 мәселе, облыс деңгейінде 170 шаралар қамтылды. Жұмыс барысы апта сайын арнайы құрылған штабта қаралып отыр. Нәтижесінде, жылды 6% өсіммен аяқтау күтілуде, немесе ЖӨӨ 2,3 трлн. тг. құрайтын болады.

  • Индустрияландыру картасы бойынша 170 жоба іске асырылуда. Бұл республикадағы жобалардың 18,3%(Республикада- 1 орын). Жобалардың 65%-ы (111 жоба) ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда. Бүгінде 104 жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жақында актуализация жасалып, қосымша 53 жоба картаға енгізілді, жобалар саны 223-ке жетті.

2014 жылдың 10 айда 10 жоба (6,8 млрд. тг., 654 жұмыс орны)іске қосылды. Жыл соңына дейін қалған 31 жоба іске асырылып, жалпы 3 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады.

Индустрияландыру картасы жобаларымен 2014 жылдың 10 айында 50 млрд. тг. өнімі шығарылып, 2013 ж. сәйкес кезеңіне 63%-ға артты.

Жалпы өнеркәсіп өнімі 522,3 млрд. тг. құрап, 68 млрд. тг. артты. 10 айдағынақты көлем индексі – 103,9%. Бұл республикадағы алдыңғы көрсеткіштің бірі. (ҚР-99,7%, республикадағы облыстың үлесі - 3,4%, 2 орын).

Өңдеу өнеркәсібінің өнімі 345,7 млрд. тг., нақты көлем индексі - 104,6% құрады (ҚР - 94,8%). Оның ішінде бағдарлама қатысушыларымен өндірілген өнімнің үлесі 15% құрады.

  • Индустриалдық аймақта (337 га) 33 кәсіпорын жұмыс істеуде және 35 жобаның құрылысы жүргізілуде.Бюджеттен бөлінген 1 тг.-ге 11 тг. жеке инвестиция тартылып отыр.

Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда индустриалды аймақ құрылуда. Түркістан қаласында индустриалды аймақ іске қосылды. 7 аудандағы индустриалдық аймақтардың инфрақұрылымына 1,6 млрд. тг. бөлініп, құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыста агро-индустриалды аймақ жобасы қолға алынды. Шымкенттің қасынан 62 га. жер бөлінді. Онда әрбір кәсіпкерді орталықтандырылған инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2,9 млрд. тг. бағытталғалы отыр. Жеке инвестиция көлемі 13 млрд. тг. болады.

Жылына 25 мың тн. көкөніс өнімдері өңделіп, 800 жұмыс орындары ашылады.

  • «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 19 жоба мақұлданды, оның ішінде 7-уі іске қосылды (инвестиция көлемі – 13,6 млрд. тг., 1177 жұмыс орны). Біреуі жыл соңына дейін іске қосылады.

11 жоба іске асырылуда, оның 8-нің құрылысы жүргізілуде. Шетелдік инвесторлармен бірлескен жобалар:

  • «KazKOREAN textile» ЖШС-нің кешенді тоқыма фабрикасы, жоба құны 10,8 млрд.тг (Корея республикасының үлесі -50%), қуаты жылына 25 мың тн. тоқыма өнімдерін шығарады;

  • «Әлем БТ» - шұлық бұйымдарының өндірісі, жоба құны 8 млрд.тг (Корея республикасының үлесі -50%), қуаты жылына 3 млн. дана шұлық бұйымдарын шығарады.

Жалпы инвестиция көлемі 148 млрд.тг. құрап отыр. Оның 75 млрд.тг. шетелдің үлесінде. Яғни бюджеттен салынған 1 теңгеге (8,5 млрд.тг.) 17,5 тг. (148,6 млрд.тг.) жеке инвестиция тартылып отыр.

  • Озық технологияларды тарту үшін 2012 жылы «Шымкент инновация» мекемесі құрылып,тиімді жұмыс жасауда.Шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы құны 1,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын 29 жаңа инновациялық жоба жүзеге асырылуда.

Жергілікті ұсыныстарды қолдау үшін 200-ден астам инновациялық жобалар мен идеялардың дерекқоры жинақталды. Оңтүстік Корея, Германия, Швейцария, Түркия, Чехия, Польша, Венгрия, Малайзия елдеріне арнайы шығып, облыстың мүмкіншіліктері таныстырылды.

  • Шымкент қаласындағы92 га аумақта «Сауда логистикалық орталық» құрылысы жүргізілуде. 8 ірі жоба жүзеге асырылуда.

Жыл соңына дейін халықаралық стандарттарға сай «А» класстағы алаңы 43 мың шаршы метрлік (бір мезгілде – 54 мың тн.)11 қойма іске қосылады.

Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 қарашаға 122,9 мың бірлікті құрап, 4,3% артты. Жұмыспен қамтылғандар саны 5 мыңға артып, 281 мың адамды, шығарылған өнім көлемі 36 млрд. тг. артып, 239,3 млрд. тг. құрады.

  • «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» «бір терезе» қағидасымен жұмыс істеп отырған бірден-бір кәсіпкерлік орталық. 2014 жылдың 10 айында 11400 кәсіпкерге көмек көрсетті. Мұндағы 7 қызмет бойынша рәсімдеу мерзімдері орта есеппен 2 есеге дейін қысқартылып отыр.

  • Сонымен бірге, «Кәсіпкерлер мектебі» жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы барлық аудан, қалаларда типтік жобада кәсіпкерлік мектептерінің құрылысы басталды. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында ашылады.

  • Облыс экономикасына жыл басынан 326 млрд.тг. инвестиция тартылып,6,2% артты (оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 36,1%, жеке қаржы – 37,8%, банк несиелері – 2,4%, басқа қаржы көздерінен – 23,7%. Республикадағы үлесі–6,6 %, 10 орын).

Биылғы жылдың ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, мемлекеттік қолдаумен саланы әртараптандырудың арқасында ауыл шаруашылығыныңөнiм көлемi 288 млрд.тг. құрап, 12 млрд.тг. артып отыр. (Республикадағы облыстың үлесі-13,8%, 7 орын).

Егіс көлемі 16,0 мың га. артып, 790 мың га. жетті.

Облыста суармалы жерлердің көлемін қосымша 292,0 мың га. ұлғайтуіс-шарасы қабылданып,ағымдағы жылы 17 мың га. іске қосылды.

Ағымдағы жылы көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 2,3 млн. тн. өнім жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 250 мың тн., жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнен 138 мың тн. өнім жиналып, өткен жылдан 14% артты.

Биылғы жылы қосымша 2257 га. жеміс-жидек, оның ішінде 600 га. интенсивті баулар және 774 га. жүзім отырғызылды. Жалпы жеміс-жидек, жүзімнің көлемі бүгінгі күні 28 мың га., оның ішінде интенсивті баулар – 850 га. құрайды.

Шаруашылықтарда өнім көлемін арттыру мақсатында озық интенсивті-инновациялық ылғал үнемдеу технологияларын өндіріске ендіру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда.

Терең қопсыту технологиясы биылғы жылы 37,0 мың га. ендіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артты.

Мақта дақылынан орташа өнімділік облыста 26-27 ц/га. болса, терең қопсыту технологиясын қолданған шаруашылықтарда 35-40 ц/га. өнім алынды.

  • 180 га. жылыжай салынып, жалпы көлемі 900 га. жетті(республикадағы үлесі-87%).

  • Тамшылатып суару әдiсi 6,4 мың га. ендіріліп, жалпы көлемі 33,0 мың га. жетті (республикадағы үлесі-83%).

Жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 210 мың тн. жетті (республикалық көрсеткіштің 5/1). Бұл облыс тұрғындарын маусым аралық кезеңде жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге және артық өнімдерді сақтап, тиімді бағада сатуға толық мүмкіндік береді.

«Сыбаға» бағдарламасымен 7865 бас аналық ірі қара мал сатып алынып, тапсырма 2 есеге артық орындалды.

«Агробизнес - 2020» бағдарламасы – ірі тауарлық өндірісті дамытуға бағытталған. Облыстың ерекшелігі – халықтың 61% ауылда тұрады. Сондықтан ауылдың әуелетін көтеру үшін арнайы «Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қабылданды.

Үш жылда 8 460 шағын мал бордақылау алаңдары, 1 529 шағын сүт фермалары, 91 сүт қабылдайтын бекет, 26 шағын құс фермалары құрылатын болады. 20 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады.

2014 жылғы 10 айда 4,4 млрд. тг. 1615 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 1557 шағын (35 мың) мал бордақылау алаңдары (4,1 млрд. тг.),41 жанұялық ферма (94,3 млн.тг.),11 сүт жинау бекеті (121,4 млн. тг.) ашылды. 3 580 жұмыс орындары ашылды.

Бұл жоба СТК (селолық тұтыну кооперативі) дамытуға да өз үлесін қосып отыр. Бір елді мекендегі шағын бордақылау алаңдарын ашқан адамдар СТК-ға бірігуде. Ал СТК өз кезегінде туындап отырған бірнеше мәселелерді шешкелі отыр. Ол өнімді сол жерде сатып алады, яғни шаруа қайда, кімге, қалай сатамын деп қиналмайды.

Екіншіден, орталықтандырылған түрде сойысқана, тоңазытқыш, ветзертхана, малды сауда орындарына жеткізетін рефрижератор, бұдан бөлек мал азығын дайындау, жинауға техникамен қамтамасыз ететін болады.

  • Іс-шараны әкімдіктің жанынан құрылған «Максимум» қаржы орталығы арқылы іске асырып отырмыз. Жылдың соңына дейін қосымша 1 млрд. тг. 150 жоба қаржыландырылады.

Жалпы, 2009 жылдан бастап осы орталық 9823 жобаны қаржыландырып, 28 мыңдай жұмыс орнын ашты. Жобаның 90%ауылдық жерлерде.

Аталған іс-шараны орындау мақсатында биыл мал азығының егіс көлемін 36,0 мың га-ға ұлғайттық.

Салықтық-бюджеттік сала

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 170,2 млрд. тг. құрап 2,6% артты.

Жергілікті бюджетке 62,5 млрд. теңге түсіп, 7,6% артты.

Елбасының жекешелендірудің 2 кезеңін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі 28 ұйымды жекешелендіру және «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамындағы 5 ұйымды бәсекелестік ортаға беру туралы шешім қабылданды.

Әлеуметтік салалар бойынша

  • Білім саласында 115нысанның құрылысы жүргізілуде.29 нысан іске қосылды. Жылдың соңына дейін 11 нысан пайдалануға беріледі.

(Оның ішінде 48 апатты мектептің 32-нің, 21 үш ауысымды мектептің 7-нің құрылысы жүргізілуде. Қалған 16 апатты, 14 үш ауысымды мектептің мәселесі 2015-2017 жылдарда толығымен шешіледі).

Мектепке дейінгі ұйымдарды ашу барынша жекеменшікпен әріптестік есебінен шешу жолға қойылды. «Балапан» бағдарламасы аясында 10 айда 107 мектепке дейiнгi ұйым ашылды. Оның 83 жекеменшік балабақша, 12 шағын орталық, яғни 95-і жекенің есебінен. Бүгінде 145 мың бала қамтылып, көрсеткіш 72,5%-ға жетті.

Жалы пәндер арасында республикалық олимпиадада облысымыз жалпы командалық 1 орынға ие болды.

  • ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы өткен жылдан көтеріліп, 74,5 құрады (2013 ж. – 72,5). «Алтын белгіге» 436 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 99 түлекке артты.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 68 нысанның құрылысы жүргізілуде. 34 нысан іске қосылды. Жыл соңына дейін 30 нысан пайдалануға беріледі.

  • 10 айда 147 ашық жүрекке, 21 бүйрек ауыстыру операциясы жасалды.

  • 2007 коронарография және 926 стенттеу жасалды.

  • 295 жүрек инфарктымен, 13 ми инсультымен науқастарға тромболизис терапиясы жасалынды.

  • Өңірлер арасында алғашқы рет орган алмастыруға генотиптік сәйкестікті анықтайтын зертхана ашылды. Қазіргі таңда бауырды трансплантация жасауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

  • Ана өлімі 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4% (ОҚО – 12,0, ҚР – 9,5)нәресте өлімі 10,3% (ОҚО – 11,4, ҚР – 9,9) төмендеді.

  • Онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім көрсеткіші 41,6-дан 36,5-ке төмендеді. Облыста тоқ ішек рагын ерте диагностикалау жүргізілуде. Көрінетін жердегі қатерлі ісіктердің анықталуы 84,7% көтерілді, 5 жылға дейінгі тірі қалушылық 46% көбейді.

  • Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітім көрсеткіші 94,2-ден 75,9-ға төмендеді.

10 айда облыстың 8740 маманы білімін жоғарылатты.

Сонымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Израиль, Оңтүстік Кореяда 1160 маман білім деңгейін көтерді.

Литва республикасында өткен өткір коронаралық синдром, ми қаны айналымының бұзылу синдромы және жарақат алғандарға жедел көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясы командалық есеп бойынша 2 орынды иеленді.

Әлеуметтік сала

Жыл басына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 14,7% кеміп, 3090 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.

4824 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2483 адамға кеміді.

18 жасқа дейінгі 269,3 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 23,8 мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 6490 отбасыға көрсетілді, немесе 1155 отбасыға кеміді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 42,3 мың адам қамтылды.

-15 282 адам тұрақты жұмысқа орналасты (10 ай жоспары - 13 700).

- Кәсіби оқуға 2210 адам жолданды, оқуды аяқтағандардың 71,7 % тұрақты жұмыспен қамтылды (10 айға жоспар - 2210).

- Әлеуметтік жұмысқа 3756 адам жолданып, оны аяқтағандардың 95,4% тұрақты жұмысқа орналасты (жылдық жоспар - 2500).

- Жастар практикасына 3 490 адам жолданып, практикадан өткендердің 70,4% тұрақты жұмысқа орналасты (жылдық жоспар - 2000).

Мәдениет саласында заманауи нысандар салынып жатыр.

  • Бүгінгі таңға 2 нысан (облыстық өлкетану тарихи мұражайы, салт-дәстүр орталығы)іске қосылды.Облыстық драма театры, облыстық салтанат сарайы, көркем сурет галереясының жаңа көрме залы құрылыстары аяқталуда.

  • 10айда облыстық театрларда 32 жаңа спектакль сахналанып, ағымдағы 1645 спектакль қойылды. Гастрольдік іссапарлар 60 рет ұйымдастырылып, 168 мың көрермен қамтылды.

Облыстық театрлар аудандар мен қалаларға және Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана, Атырау, Байқоңыр қалаларына және Өзбекстан Республикасында гастрольдік іссапарда болды.

  • Өзбекстан Республикасында өткен «Біз - бір халықпыз» атты фестиваль аясында өткен Халықаралық айтыста облысымыздың ақындары Бас жүлде мен I орынды иеленді.

Сол сияқты спортта да заманауи нысандар ашылуда. Кезінде ашылған «Жеңіл спорт манежінің» қасынан жүзу бассейні, кешенді жоғары шеберлер мектебі, садақ ату кешені салынып, Шымкент қаласындағы Орталық стадионының аймағы спорт қалашығына айналды.

Түркістан қаласында жүзу бассейні, Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен спорт кешені іске қосылды.

Бүгінде, байдарка-каноэ, көркем гимнастика кешенінің құрылыстары жүріп жатыр. Келесі жылы пайдалануға беріледі.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде, көрсеткіштер өсіп отыр. Ағымдағы жылдың 10 айында облыс спортшылары спорттың 58 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 307 – алтын, 296 – күміс, 291 – қола медаль жеңіп алды.

Жыл басынан бері өткен Азия және Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 42–алтын, 31–күміс және 36-қола медальге қол жеткізді.

Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарында еліміз жеңіп алған барлық 84 медальдың 32-і облыс спортшыларының үлесінде.

КР «Ауыл жасөспірімдерінің 2 жазғы ойындарының» спорттың 10 түрі бойынша облысымыз жалпы командалық 1 орынды жеңіп алды.

10 айда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 547,5 мыңнан астам адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 19,8% жетті.

Туризм саласы

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер, туристік карта, туристік жол сілтегіштер) әзірленіп шығарылды.

Облыстың туристік мүмкіндіктері туралы бейнероликтер мен бейнефильм әзірленіп, ағымдағы жылы отандық және шет елдік телеарналарда трансляциялау жоспарланып отыр.

Туризмді дамыту мақсатында шет елдік туристік ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур, «сарқылмас саяхат» жылжымалы туристік жәрмеңке, «Бард әндері» халықаралық фестивалі өткізілді.

  • Түркістанда зияратшылар орталығы ашылды.

  • «Қасқасу» шаңғы базасына инфрақұрылым құрылысы басталды.

  • «Сарыағаш» курорттық кешенін қалыптастыру және Шардара су қоймасының аумағын демалыс орнына айландыру мақсатында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде.

Жастар саясаты

Облыста жастар саясатын жүзеге асыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, елдегі саяси жағдайлар мен мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдауларды насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту бағыттарында арнайы 21 жоба әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы «Отанға қызмет ету – парыз» облыстық жас мамандар форумы өткізілді. Форумға жоғары оқу орындарының бітіруші түлектері мен «Алтын қор» кадрлар резервінің түлектері қатысып, жастар арасындағы көптеген келелі мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, студенттік құрылыс жасақтары жұмысын жандандыру мақсатында 2014 жылы 458 студент құрылысшы мердігер компаниялармен жүргізген келіссөздер арқылы жазғы каникул кезінде жұмыспен қамтылды.

Инфрақұрылым

35 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, 25 елді мекеннен 260 мың халық қамтылғалы отыр.

Бүгінде ашық су көздерінен немесе әрекеттегі суаққыдан ауыз суды тұтынуға мүмкіндігі бар 14 елді мекеннің ауыз су құбырлары жаңартылуда.

Жылдың қорытындысы бойынша 55 газбен жабдықтау нысанының құрылысы жүргiзiліп, 65 елді мекендегі 218 мың халық табиғи газбен қамтылғалы отыр.

Бейнеу-Бозай-Самсоновка магистральды газ құбырына қосылатын 8 АГТС құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыс бюджетінен - 2 АГТС, республикалық бюджеттен – 4 АГТС, «Казтрансгаз» мекемесі тарапынан – 2 АГТС құрылыстары басталып, оның біреуі біткен. Барлығы 284 елді мекендегі 766,5 мың халық қамтылатын болады.

Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 389,6шақырым жол қамтылып, 16 көпір қалпына келтіріледі. Жалпы құрылыс - жөндеу жұмыстарымен 252 нысан қамтылуда.

Ғасыр жобасы аталған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» транзиттік магистральдің 448 шақырымнан астамы біздің өңір аумағынан өтеді. Сонымен бірге, «Шымкент - Ташкент» тас жолының құрылысы да басталды. Аталған құрылыстарды 2015 жылы аяқтау жоспарланған. Осы күре жолдардың бойында қосымша бірқатар жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік нысандар пайда болады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 146,0 млрд. тг. құрап, 2,1% артты.

Тұрғын үй құрылысына 22,3 млрд. тг. (бюджет – 11,0 млрд. тг., жеке – 11,3 млрд. тг.) инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (ҚР-124,6%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 307,2 мың шаршы метрді құрап, 11,7% артты (ҚР-110,8%)(Республикадағы облыстың үлесі – 5,4%, 5 орын). Жыл соңына дейін 400 мың шаршы мерге жететін болады.

«Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 84 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiліп, оның 4-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қосымша 23 үй беріледі.

Ішкі істер басқармасының материалдық техникалық базасын нығайтуға 542,4 млн. тг. бөлініп, 26 дана бейнекамера, 9 дана серверлік жабдықтар, 615 дана арнайы құрал-жабдықтар, 300 дана тетра радиостанциялары, «Бадам» өзені жағасынан демалыс аймағының аумағына 1 учаскелік стационарлық полиция бекеті және Шымкент қаласы мен аудан елді мекендеріне 50 учаскелік бекеттер алынды.

Облыста қылмыстың ашылуы 48,9%-дан 53,1%-ға көтерілді.

Сәулет және қала құрылысы

  • Шымкент қаласында әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі таңға жалпы 82,1 млрд. тг., оның ішінде бюджеттен 18,6 млрд. тг. жекеменшіктен 64 млрд. тг., тартылуда. Бадам, Қошқарата өзендерінің жағалау аумақтарына абаттандыру, көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Тілдерді дамыту және ономастика

Елбасының Жолдауына сәйкес, облыс аумағында тілдерді оқыту орталықтары ашылып, жалпы саны 15-ке жетті.

Тілдерді қолдану мен дамытуға бағытталған іс-шаралар жалғастырылып, 20 семинар мен форумдар, ұлт бiрлiгi мен халықтар достығын нығайту мен патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерді сәйкестендіру жұмыстары толығымен жүргізді.

Облыстың аудан, қалаларындағы Қазақстан Республикасының «Тiл туралы» Заң талаптарына сай келмейтiн 291 жарнама ретке келтiрiлдi.

Облыста мұрағат ісін дамыту бағытындағы жұмыстар барлық мұрағат мекемелерінің үйлесімді іс-әрекеті арқылы жоспарлы түрде жүзеге асырылды.

Облыс мұрағаттары бойынша толықтыру көздерінің тізімі нақтыланып, облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясында бекітілді және мұрағат мекемелеріне жіберілді. Филиалдарды қосқанда барлығы 22 мұрағат мекемесінің толықтыру көздері нақтыланды.

Шымкент қаласында сиымдылығы 500 мың том құрайтын мұрағат ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

Қоғамдық – саяси ахуал

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 17 желтоқсандағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында 5350 кездесулер өткізіліп, 800 мыңнан астам халық қамтылды.

БАҚ-да 5600 материал жарияланды. 10 мың тақырыптық әдістемелік кітапшалар таратылып, 800-ге жуық билбордтар орналастырылды.

«Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы облысымыздың ерекшелігіне орай зиялы қауымның басын қосатын, оңтүстікқазақстандықтарды береке-бірлікке шақырып, ынтымақ пен татулыққа тірек болатын институт ретінде нәтижелі жұмыс атқаруда.Аталған форум аясында биылғы жылы «Ұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел, ұлысымыздың атауы – Қазақ Елі» және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен «Тұрақтылық тұғыры ─ татулық» тақырыбындафорум мәжілістері өткізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің зияндылығы жөнінде 2662 кездесулер өткізіліп, 282 мың адам қамтылды. Діни тақырыпқа 642 мақала және 440 бағдарламалар мен сюжеттер жарық көрді.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom