«ЖАМБЫЛ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
19.01.2019, 16:41

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін барлық өңірлерде еңгізуді тапсырған болатын. Осы міндетті орындау мақсатында 2018 жылдың 10 желтоқсанында  Жамбыл облысы әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының қатысуымен облыс әкімі «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының Жарғысына қол қойған еді. Жобаның негізгі  мақсаты - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, Жамбыл облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.

Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға, қоғамдық бақылауды жүргізуге, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Осыған орай аталмыш жоба жайлы облыстық әкімдікте өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары , «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Даурен Каипов жобаның мақсаты, бағыты және қандай салалар бойынша жұмыс жүргізілетіндігі жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, жобалық кеңсе үш сала бойынша: тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарымен жұмыс атқарылатындына тоқталып өтті. Оның ішінде, тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларының және мемлекеттік кіріс, сот және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары қатарынан жобалық жұмыс топтарының құрылғандығын хабардар етті.

Жиын қорытындысында жобалық топ жұмыстарының кезең-кезеңімен іске асыру тәртібі (жоспар бойынша), жоғарыда көрсетілген салалардағы проблемаларға талдау жүргізу мәселелері талқыға салынды. Жиынға мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom