ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жаңалықтар
18.10.2019, 11:27

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті.

Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты.

Жиында Ерлан Қуанышұлы бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын айтты.

«Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту – біздің басты міндетіміз. Бүгінде тиісті нормативтік база қабылданған, нақты мақсат айқындалған. Тек сапалы ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жою бойынша жүйелі әрі сүбелі жұмыс істеуіміз керек», - деді Е.Айтаханов.

Сондай-ақ, жиында әкімдіктің басқармалары мен аудан әкімдері аталмыш сала бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайында есеп берді.

Айта кетейік, 2019 жылдың өткен мерзімінде Шымкент қаласы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы 77 құқық бұзушылық тіркелген, оның 45-і сотқа жолданған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom