Шымкент қаласының әкімі діни конфессия басшыларымен дін жұмыстары бойынша пікір алмасты

Жаңалықтар
18.10.2019, 11:37

8 қазан - Рухани келісім күні мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады. Кездесуде қала әкімі діни конфессия басшыларымен дін жұмыстары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар дінаралық қарым-қатынас мәселелерін де талқылады.

"Бүгін өздеріңізді "Рухани келісім күні" мерекесімен шын жүрегіммен құттықтағым келеді. Біз - көпконфессиялы мемлекетпіз. Тәуелсіздік алғалы бірлігіміздің арқасында өсіп-өніп келе жатырмыз. Бізді шетелде татулықтың эталоны деп таниды. Біз осы ынтымақ-бірліктің үлгісін өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Алдағы жылы мегаполисымыз ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Ол үшін жан жақты дайын болуымыз керек.  Сіздер де сол дайындыққа, қала тұрғындарының санасын өзгертуге, ізгіліктің дәнін себуге көмектеседі деген сенімдемін" деді Ерлан Қуанышұлы.

Ал, "Шымкент қаласының еврей қауымы" жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Зелик Мурдухаев болса мұндай мереке тек тұрақты дамыған Қазақстан сияқты мемлекетте ғана тойланатынын тілге тиек етті.

Жиналыс соңында қала әкімі конфессия басшыларына арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.

Сұхбат

PhotoRoom