ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА ДӘРІЛІК ЗАТТАР ЖЕТКІЗУ 15 ҚАЗАНҒА 553 749 441,88 ТГ ҚҰРАЙДЫ

Жаңалықтар
16.10.2019, 12:36

2019 жылға онкологиялық пациенттерді амбулаториялық деңгейде химиопрепараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қалалық онкологиялық орталық 30 дәрілік заттың атауы бойынша 1 067 567 041,96 теңгеге "СҚ-Фармация" ЖШС-не өтінім берген. Қазіргі таңда 506 556 986,82 теңгеге 1 135 пациенттер химиопрепараттармен қамтамасыз етілген.

Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен Қатерлі ісік аурымен есепте тұратын науқастарға онкологиялық препараттардың берілуіне байланысты өткен брифингте айтылды.

БАҚ өкілдерінде туындаған сұрақтарға Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Абишев, дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гауһар Абенова, қалалық окнологиялық орталықтың бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Жақсылық Мауленов жауап берді.

Сұхбат

PhotoRoom