Шымкентте БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тимбилдинг өтті

Жаңалықтар
20.10.2019, 13:56

Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Мегаполисте ақпараттың рөлі" семинар-тимбилдинг өтт. Таудың бөктеріндегі табиғаты әсем қала сыртында журналистер мен блогерлердің басын қосқан танымдық жиынды басқарма басшысы Жанар Бектаева ашып, аталған шараның мақсатына тоқталды.

Семинар-тимбилдингтің мақсаты: Қоғаммен кері байланыс орнату, ақпаратты жылдам алмасу, кез келген тосын жайт орын алған жағдайға дер кезінде жауап беру, тұрғындарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуде, шынайы, сауатты ақпарат таратуда журналистерден бөлек Шымкент қаласындағы ақпарат саласына қатысты бірқатар мекемелердің мамандары мен өкілдеріне, блогерлерге  де жауапкершілік жүктеу.

Сонымен қатар семинар-тимбилдингте қазақ блогосферасының маманы Асхат Yerkimbay және "timur academy" офлайн-онлайн оқыту орталығының негізін қалаушы Тимур Bektur семинарға қатысушыларға ақпарат таратудың қыр-сырын тарқатып, негізгі құпияларын ашты.

Сұхбат

PhotoRoom