Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапарымен келеді

Жаңалықтар
22.10.2019, 11:10

Биылғы 24-25 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді деп хабарлайды ҚР Президенті әкімшілігің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.

Сұхбат

PhotoRoom