Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда

Жаңалықтар
23.10.2019, 12:48

Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда.

Бұл жөнінде Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру бағытында жүзеге аспақ.

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық,қайсарлық қасиеттерге баулу. 6-10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылатын байқауда қатысушылар 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Байқау көптеген ҚР қоғам қайраткерлерінен, мәдениет өкілдерінен, жыршы, термешілерден, танымал журналистер мен саясаткерлерден қолдау тапқан.

Сұхбат

PhotoRoom