Шымкентте "Шапағат" мүгедектерге арналған оңалту орталығы ашылды

Жаңалықтар
24.10.2019, 16:07

Бүгін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Шапағат" мүгедектерге арналған оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысты. Нысанның жұмысымен толық танысып шықққа министр сонда ем-дом қабылдап жатқан азаматтармен тілдесіп, оларға мемлекет тарапынан қажетті көмектің жоғары деңгейде көрсетіле беретіндігін тілге тиек етті.

Төрт қабаттан тұратын, бас-аяғы 70 орынға лайықталған орталықта еңбек ететін 40-тан астам маман психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мұндағы құрал-жабдықтар мен тиісті қызмет көрсету бөлмелері заман талабына сай жасақталған.

Дәурен Дүйсебаев,

Шымкент қаласы әкімдігінің

Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы

Сұхбат

PhotoRoom