Ақтөбеде алтын бұйымдармен жерленген адам табылды

Жаңалықтар
25.10.2019, 12:08

Ақтөбе облысы, Темір ауданының Тасқопа ауылы бұрын қала болған. Қала орнын зерттеуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин қолдау білдіріп, Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың басқаруымен екі ай бойы қазба жұмыстары жүргізілді.

«Қазба жұмыстары тамыз айында басталды. Барлығы 15 қорған анықталып, биыл 4 қорған зерттеліп жатыр. Біреуінен «алтын адам» табылды. Нақты айтқанда белдігі, дулығасы, түрлі бұйымдар алтындатылған. Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр. Тариха сүйенсек, бұл жерде сарматтардың ескерткіші бар. Табылған қорым біздің заманымызға бейінгі V ғасырға жатады. Мұндай жерлеу тек тайпа көсеміне тән», - деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов. Табылған алтын бұйымдар Алматыға зерттеуге жіберіледі.

 

Сұхбат

PhotoRoom