Тілеу батырға ескерткіш қойылды

Жаңалықтар
01.11.2019, 13:44

Қай заманда болмасын қазақ халқында қол бастаған батырлары мен сөз бастаған би-шешендері болған. Солардың бірі әрі бірегейі – Тілеу батыр.

Тілеу батыр - XVII ғасырдағы қазақ тарихында ойып алар орны бар, елі үшін жасаған ерлігі мен сіңірген еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай тарихи тұлға.

1681-1684 жылдары Сайрамда жоңғарлармен болған соғысқа 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ пен інісі Қалдыбаймен бірге соғысқа шығып, шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болады. Қос батырдың сүйегі Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш-тақтада жазулы.

Бүгін осынау «Батыр бабалар қорымына» ескерткіш белгі орнатылды.

Еңселі ескерткіш Сайрам тұрғын алабында бой көтерді.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне арнайы қатысқан қала әкімі Erlan Aitakhanov батырларға тағзым ету парыз екенін жеткізді. «Тілеу Айтұлы тарихта қалған және өзінің батырлығымен, билігімен ерекшеленген тұлға. Түркістанда Тәукені хан сайлауға қатысқан би әрі батыр, Күлтөбеде сөз алған белгілі ер, Сайрам шайқасының сардары. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, бабалар аманатымен келген осынау дархан даламызда бүгінде қаншама ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір кешуде. Бүгінгі ұрпақ осынау батыр бабалар есімін ешқашан ұмытпайтынына сенімім мол» деді Ерлан Қуанышұлы.

Салтанатты шара барысында Тілеу батырдың ұрпағы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, зейнеткер Зейнулла Халидуллаұлы да игі іске өз ризашылығын білдірді

Сонымен қатар, Шымкент қаласының өкіл имамы Б.Бейсенбаев батырлар рухына құран бағыштап, шара соңында арнайы ас берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сұхбат

PhotoRoom