Цитадель - Шымкенттің негізгі туристік орындарының бірі болмақ

Жаңалықтар
04.11.2019, 11:35

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барып, құрылыс барысымен танысты.

Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыруға қатаң тапсырма берді.

Айта кетейік, Цитадель алдағы уақытта Шымкенттің негізгі туристік орындарының бірі болмақ. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтереді. Қайырымды қала тұрғындары мен қонақтары ескі қалашықтан табылған жәдігерлерді де көре алады.

Аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың сапалы әрі өз уақытымен аяқталу керегін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom