ШЫМКЕНТТІКТЕР WORLD SKILLS KAZAKHSTAN ЧЕМПИОНАТЫНА АТТАНДЫ

Жаңалықтар
05.11.2019, 23:40

Республикалық кәсіптік шеберлік чемпионатына жұмысшы мамандар қатысады. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін байқауда Шымкент қаласынан 23 жас бақ сынайды.

Қалалық білім басқармасының өкілдері және кәсіптік-техникалық колледждердің оқытушылары сайысқа қатысушыларды сәттілік тілеп, шығарып салды.

11-15 қараша күндері елордада 14 облыс, 3 қаладан жиналған 400-ден астам студент сайысқа түседі. Үміткерлер мейрамхана ісі, кондитер, шаштараз, желілік және жүйелік басқару, дәнекерлеу, сырлау сынды 38 аталым бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жүзден жүйрік шыққандар Қазақстан намысын халықаралық байқауда қорғайды.

Айта кетейік, бұл бастама ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қолға алынған. Аталған байқау еңбек қоғамын құрып, жұмысшы мәртебесін арттыруды мақсат етеді.

Сұхбат

PhotoRoom