Е.Айтаханов: Шымкент қаласы сауда өнеркəсібі дамыған ірі орталыққа айналатын болады

Жаңалықтар
12.11.2019, 18:43

Бүгін Шымкент қаласында компаниялар мен экспорттаушылар үшін жетекші аймақтық халықаралық шара болып саналатын Орталық Азия сауда форумы ашылды. Бұл - Шымкент қаласы әкімдігі мен USAID-тың қолдауымен өтіп жатқан тоғызыншы жыл сайынғы форум.

Форумда Шымкент қаласының əкімі Erlan Aitakhanov шаһардың инвестициялық жобалары мен туристік әлеуетіне тоқталды.

- Шымкент қаласы 2020 жылғы ТМД-ның мəдени астанасы атанғаны белгілі. Осы -іс-шара аясында қазір Шымқалада бірқатар жобалар қолға алынуда. Бүгінде қаламызда азық-түлік сақтайтын бірнеше қойма бар. Олардың қатары əлі артады. Болашақта Шымкент қаласы сауда өнеркəсібі дамыған ірі орталыққа айналатын болады, - деді шаһар басшысы.

Орталық жəне Оңтүстік Азиядан, Еуропадан жəне АҚШ-тан 500-ден астам мемлекет, бизнес жəне азаматтық қоғамның өкілдері қатысуда.

- АҚШ-тың үкіметі аймақтағы сауда мен инвестицияның өсуіне жəне Орталық Азия халықтарының əл-ауқатының жақсаруына қолдау көрсетеді, - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Айта кетсек, Шымкент əкімдігімен бірлесе отырып АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы бәсекеге қабілеттілік, сауда жəне жұмыс орындарын құру жөніндегі жобасының жұмыс шеңберінде форумның басты демеушісі болып саналады.

Сұхбат

PhotoRoom