ШЕТЕЛДІК КАРДИОЛОГТАР ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАС ҚОСТЫ

Рейтинг
16.11.2019, 13:05

#Қайырымды_қала_Шымкентте алғаш рет халықаралық перфузиологтар конференциясы өтті. Перфузиология саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Израиль, Германия, Латвия, Ресей мемлекеттерінің білікті кардиологтары шақыртылған.

Сонымен қатар, жиынға Қазақстандағы және аймақтағы перфузиология саласының мамандары қатысты. Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov конференцияға арнайы қатысып, қалалық кардиологиялық орталықта перфузиология саласында атқарылып жатқан жұмыстарға

тоқталып өтті.   

Бұл іс-шара кардиохирургиядағы перфузиологиялық қызметті дамытуға жақсы алғышарттар саналады. Айта кетейік, перфузиялық жүйені қолдану – ашық жүрекке жасалатын оталардың дамуына зор септігін тигізеді. Соның нәтижесінде жүрек ақауынан пайда болатын мүгедектіктің пайызы төмендейді, жұмысқа қабілеттілік сақталады, өлім санының күрт азаюына алып келеді.

Конференцияда шетелдік мамандар тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, аталған саланың дамыту жолдарын атап өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom