2020 жылы Шымкентте жаңадан 4 саябақтың құрылысын жүргізу жоспарланған

Жаңалықтар
12.12.2019, 12:01

2020 жылы жаңадан 4 саябақтың құрылысын жүргізу жоспарланған. Олар: бұрыңғы қоқыс полигоны аумағында, Әкімшілік-іскерлік орталығы, №1 автожол бойында және "Қасірет" мемориалының жанында. Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып, көпшілік демалыс аймағына айналады. Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіретін жолдардың бойы да көркейеді.

2020 жылы әр ауданға 1 млрд.теңгеден қаржы берілмек. Бұл қаржыға көпқабатты тұрғын үй аулаларында 163 ойын және 79 спорт алаңшаларын жөндеу көзделген. 2020 жылы абаттандырылған аулалар саны 80 пайызға жетеді.

Қалада Әуежайға терминал салу, Темір жол вокзалын қайта құру, Конгресс – орталығын салу, Цитадельді қалпына келтіру жобалары іске асырылады.

Қала журналистерінің сұрауы бойынша қаламызда Медиа орталық салынады. Қала әкімі Erlan Aitakhanov келесі жылы жобалау құжаттамалары әзірленіп, құрылысын бастау жоспарланғанын мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom