ШЫМКЕНТКЕ ЖАҢАДАН 100 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

Жаңалықтар
13.12.2019, 18:44

Қаладағы жедел жәрдем қызметі 100 жаңа көлікпен толықты. Енді 103-тегі шшақыртуларға мамегдардың кешігуі азаймақ. Шұғыл көмекті қажет етітіндерге жедел жәрдем қызметкерлері жедр кезінде барып, медициналық көмек көрсететін болады.

«Бүгінгі таңда қала тұрғындары тарапынан жедел жәрдем қызметінің уақтылы келмеуіне байланысты көптеген сын-ескертпе айтылуда. Сондықтан, бүгінгі сыйға тартылған автокөліктер осы кедергілерді жойып, азайту мақсатында беріліп отыр. Жалпы, жедел медициналық жәрдем станциясында жедел жәрдем қызметін көрсететін 87 көлік болса, оның жартысынан көбі бүгінгі күнде тозығы жеткен деп айтуға болады. Сол себепті, оларды рет-ретімен азайтып, орнын жаңа көліктермен алмастырып отырамыз», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Жедел жәрдем қызметін автокөлікпен қамтуды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы Шымкент жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жедел жәрдем автокөлігі инновациялық технологиялар қолданылған, заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Атап айтқанда, сыртқы кардиостимулятор мүмкіндігі бар дефибриллятор, өкпені жасанды желдендіру, реанимациялық портативті рюкзактар, 12 каналды электрокардиографтар (ЭКГ), стационарлық және портативті оттегі беру жүйесі, 4 реанимациялық бригадаларға жүрек массажына арналған автопульс, педиатриялық бригадаларға жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған 4 инкубатормен жабдықталған.

Сонымен қатар, осы жоба аясында түрік жедел жәрдем қызметінің түрі бойынша сall-орталық әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылмақ. Сондай-ақ, жергілікті кадрларды шұғыл жағдайларда симуляциялық макеттерде жұмыс істеуге оқытудан өтіп, біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

Түрік компаниясы тарапынан инвестицияның жалпы сомасы 6,3 миллиард теңгені құрайды

Сұхбат

PhotoRoom