"Шырайлы Шымкент": Береке басы-бірлік " қоғамдық форумы өткізілді

Жаңалықтар
15.12.2019, 12:47

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Отырар ғылыми әмбебап кітапханасында "Шырайлы Шымкент": Береке басы-бірлік " атты форумы өткізілді. Салтанатты шарада Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Жанар Бектаева: " Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Шырайлы Шымкентімізде көптеген игі істер атқарылып жатыр. Солардың бірі қаламыздың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылғы мәдени астанасы болып белгіленуі."

Сонымен қатар форум барысында " Береке басы бірлік" тақырыбында өткен жыр мүшайрасы жеңімпаздарының жырлар жинағаның тұсауы кесілді.

Суреттерді түсірген: Береке Сейтжаппар

Сұхбат

PhotoRoom