Шымкент қаласында Тәуелсіздік күні 49 сәби дүниеге келді

Жаңалықтар
18.12.2019, 15:21

Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі қыз балалар. Атап айтар болсақ, 16 желтоқсан күні дүние есігін ашқан кішкентай шымкенттіктердің 26 қыз баласы және 23 ұл бала. Мереке күні туылған шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Шымкент қаласы ел демографиясының дамуы жолында үлкен үлес қосып отыр. Мәселен, шаһарда 2019 жылдың 11 айында 25 688 нәресте дүниеге келген.

Сұхбат

PhotoRoom