240 ОРЫНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жаңалықтар
24.12.2019, 20:47

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында салынған студенттер жатақханасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қолданысына берілді. Студенттерге арналған жайлы ғимаратты қала әкімі Ерлан Айтаханов салтанатты түрде ашты.

Ерлан Айтаханов «Баршаңызды мейрам алдында жайлы орынға қоныстануларыңызбен құттықтаймын. Елбасы 2023 жылға дейін барлық студенттерді жатақханамен қамту туралы тапсырма берген болатын. Шымкенттегі жатақхана қажеттілігін жою бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Мәселен, осы жылы бүгінгі 240 және 350 орынды екі жатақхананың құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Келесі жылы «Шымкент» ӘКК арқылы 2 500 орынды жатақхана салу жоспарлануда»

Аталған оқу ордасының жаратылыстану факультетінің студенттері жайғасатын жатақхана Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағынауданында орналасқан және заманауи талаптарға сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Кітапхана, оқу залы, демалыс бөлмесі, медициналық пункт және ас бөлмесі де бар.

Сұхбат

PhotoRoom