ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ Е.АЙТАХАНОВ БАС ҚАЛАДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

Жаңалықтар
25.12.2019, 19:00

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдеріне есеп беруде.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына қарап, бой түзеп өзіндік ерекшелігі бар мегаполиске айналған қаланың әлеуеті де күнен күнге ілгерілеп келеді.

Қала әкімі : «Елбасы республикалық статус берген кезде «Шымкент одан әрі өркендей түседі. Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады. Бұған қажет барлық шарттар мен әлеует бар» -деп атап өткенін айтты.

Ерлан Айтаханов: «Расында, бұл тарихи шешім климаты жұмсақ, қонақжай қаламыздың орнықты дамуына үлкен серпін берді. Қаланың іскерлік белсенділігі өсіп, ірі мегаполистермен бәсекеге түсетін жол ашылды. Күн санап халықтың санымен ғана емес, экономикалық қуатымен де қарқынды өсіп келеді».

Сұхбат

PhotoRoom