Шымкент қаласы бойынша 74 мыңға жуық оқушыны ыстық тамақпен қамту жоспарланған

Жаңалықтар
08.01.2020, 11:09

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілді. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Оқушы балаларға мектепте тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке тегін барып-келу, мектеп формасы мен оқу құралды мемлекет есебінен беру. Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетіледі. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 74 мыңға жуық оқушыларды ыстық тамақпен қамту жоспарланган.

Сұхбат

PhotoRoom