БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЛАЛАР САНЫ 80 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Рейтинг
10.01.2020, 11:56

Шымкентте жалпы саны 1 252 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар. Бүгінгі таңда олардың 52 пайызы абаттандырылған. 2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 219 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылған.

Ал, биыл әр ауданға 1 млрд теңгеден қаржы берілмек. Бұл қаржыға көпқабатты тұрғын үй аулаларында 163 ойын және 79 спорт алаңшалары жөнделеді. Нәтижесінде, 2020 жылы абаттандырылған аулалар саны 80 пайызға жетеді.

Сонымен қатар Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылады.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы

Сұхбат

PhotoRoom