Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

Жаңалықтар
24.01.2020, 23:24

Мұрат Дүйсенбекұлы Президентке Шымкенттің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы туралы баяндап, аймақты одан әрі өркендету жоспарымен таныстырды.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктері айтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл елдегі айтулы даталар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өтетін шараларға да тоқталып, Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы ретіндегі жауапкершілігін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы әкімге Үшінші Мегаполистың әлеуетін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма

берді.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom