ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚЫНДА ҒАНА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН «ЗӘУРЕ» ШҚ-ның ЖЫЛЫЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Рейтинг
29.01.2020, 17:14

Жалпы аумағы 3 гектар жерді құрайтын жылыжайда қиярлар пісуге жақын. «Тристан» деп аталатын қиярдың алғашқы өнімдін жинау бірер күнде басталады деп күтілуде. Бірінші айналымнан алынатын жоспарлы 750 тонна өнімді солтүстік аумақтар мен Ресейге жөнелту жоспарлануда.

Жылыжай кешенін салу жобасы 2019 жылы жүзеге асырылған. Жалпы инвестиция көлемі 900 млн. тг оның ішінен 700 млн. тг. жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіліп, 175 млн. тг. мемлекет тарапынан субсидияланған. 10 адам тұрақты, 20 адам ауыспалы жұмыс орнымен қамтылды.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы жылыжай өнімдерін бір орталыққа бірігу арқылы өзара кооперация құрып, тауарлы партия қалыптастырылып, делдалдардың қатысуынсыз Ресейге тікелей экспорттау жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom