ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШАҺАРДАҒЫ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Рейтинг
20.02.2020, 19:17

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы жолайрығының оң жақ өткелдерін қайта құру жұмысымен танысты.

Шаһар басшысы құрылысты жүргізуші мердігерге жұмысты таяу арада бітіру керектігін айтып, нақты тапсырма берді.

Айта кетсек, құрылыстың құны 865,201 млн. теңгеге жобаланған. Әзірге игерілген қаржы 401,000 млн. тенгені құрап отыр. Осы жолайрықтар аяқталған жағдайда Шымкент қаласында көлік кептелісі мәселесі біршама шешілетін болады.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы

Фото: Б.Сейітжаппар

Сұхбат

PhotoRoom