ШЫМКЕНТ: ЖЕРГІЛІКТІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Рейтинг
20.02.2020, 19:53

2020 жылдың 11-13 наурызында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Ауыл шаруашылығы-AgroWorld Uzbekistan 2020» халықаралық көрмесі өтеді. Сондай-ақ 1-3 сәуірде Ташкент қаласында «Uz-Food 2020 өндірісінің азық-түлік өнімдері, ингредиенттері және технологиялары» 20-шы мерейтойлық халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ.

Көрмелер астықты қайта өңдеу және сақтау, мал шаруашылығы, құрама жем, құс шаруашылығы, ветеринария, жылыжайлар, тұқым, тыңайтқыш суару бағыттары бойынша өткізіледі.

Іс-шараға Өзбекстанның ірі сауда желілері, ритейлерлері мен дистрибюторлары, олардың ішінде Makro, Korzinka, JL және басқалары, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь Республикалары мен Латвиядан сатып алушылар шақырылды.

Орталық шеңберінде, бірнеше мүмкіндіктерге жетуге болады:

· 1 күн ішінде қажетті өнім жеткізушілермен/өндірушілермен бірнеше ондаған тікелей байланыс алу;

· Жеткізу туралы шешім қабылдайтын компаниялардың бірінші тұлғаларымен қызықтыру, сізді қызықтыратын тауарлардың тұсаукесерін көру;

· Тиімді келісім-шарттар жасау. «UZFOOD» көрмелерінің статистикасы бойынша келіссөздер нәтижесінде іс-шарадан кейін 1-2 ай ішінде орташа есеппен 2-ден 7-ге дейін желілермен келісім-шарт жасалады.

Сізде өз бизнесіңізді кеңейту үшін бүгін тіркеліңіз!

Ол үшін Бизнес-келушінің сауалнамасын көшіріп, толтырып, оны 2020 жылдың 27 наурызына дейін ұйымдастырушылардың кеңсесіне жіберу қажет.

Сұхбат

PhotoRoom