ТҮРКІСТАН: МАМАНДЫҒЫҢНАН БҰРЫН, АДАМДЫҒЫҢ БИІК БОЛСЫН!

Рейтинг
24.02.2020, 19:21

Бүгін Департаменттің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен ұйымдастырылған семинарда баяндама жасады.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Асанбаев, Облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Қ.Тоқсанбаев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілі О.Жанқожаев және ҚАЖК департаментінің жеке құрамы мен қалалық/аудандық пробация қызметі бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты - ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу арқылы елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

Гүлмира Төлегенқызы басшыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметші немесе басшы болсын қызметке келгенде өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, өзгерістерді өздерінен бастап, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.

Оқыту семинарында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.

Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауаптар берілді.

Сұхбат

PhotoRoom