Қоғамдағы татулықты көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек

Рейтинг
29.02.2020, 15:38

Бүгінгі таңда еліміз үшін тыныштық ауадай қажет. Шындығында тұрақсыздық, татулық пен бірлік болмаса экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму туралы айту бос сөз болып қалады. Ал қайта-қайта митингке шақырып, елді үгіттеп жүргендер осы қағиданы түсінбейтін сияқты.

Қазір Қазақстанда митинг десе көз алдыма Әблязов келеді. Осы адамның тасада отырып алып, қазақстандықтарға аспандағы айды әперетіндей әңгіме айтуы күлкімді келтіретіні рас. Елге жаны ашығансып, бөтен жерде отырып алып, бірді бірге соғыстырып, ойдан неше түрлі тұжырымдамалар жасап жұрттың миын улап отыруға әбден дағдыланып алған. Әрине жақсы әңгімеге елтіп, оның айтқан әрбір сөзіне құдайдай сенушілер де жоқ емес. Ал Әблязовқа керегі де сол. Осындай аңқау, сенгіштерге сөзін мақұлдатып, өзінше әлеуметтік мәселелерді көтертіп, заңсыз митингке шақыру арқылы тату елдің тыныштығын бұзуды кәсіп етіп алған десе де болады. Әрине одан басқа қолынан не келеді? Өзгенің қолымен от көсеп, олардың тағдырын тәлкекке салып, жанталасып-ақ жүр. Еліне, жеріне жаны ауыратын, жағдайын ойлайтын адам өзге елге сол халықтың ақшасын алып қашып, ізін суытпас еді.

Халықты ойлаған адам халықпен бірге болу керек. Не көрсе де халықтың жанынан табылу шарт деп ойлаймын. Осындай елді арандату арқылы арзан бедел жинап, елдің берекесін кетіру арқылы еліміздің тыныштығымен қоса, еліміздің әлем алдындағы беделін де түсіретін сөзсіз. Сондықтан, арандату мен алдауға, арбауға ермей барынша сабыр сақтаған жөн деп білемін. Сабырсыздықтың, ұрыс, жанжалдың арты жақсылыққа апармайтыны айдан анық. Аңдамай арбауға түскендердің тағдырына нұқсан келеді

Ел тілегі - тыныштық. Бейбітшілік салтанат құрған жерде алынбайтын асу жоқ. Сол себепті қоғамдағы татулықты көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Сұхбат

PhotoRoom