Шымкентте "Көрпе Fest" фестивалі өтіп жатыр

Рейтинг
04.03.2020, 17:48

Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен "Көрпе Fest" мегафестивалінің ашылуы өтті. Мегафестивальді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков ашып, ісмер аналарға сәттілік тіледі.

"Көрме" орталығында ұйымдастырылған шараға көп балалы аналар және тігін тігіп, өз кәсіпкерлігін бастауға ниет білдірген 200-ден астам қыз-келіншек қатысуда. Олар 6-наурызға дейін көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырын үйренеді.

Ақысыз шеберлік сағаттарын "Алтын сапа" премиясының жеңімпазы, "Құрмет" орденінің иегері, Республикалық ақпараттық ағарту үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада өткізеді.

Фестиваль "Аманат" әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom